Ұлыбритания Ресейдің 30 губернаторына санкция салды

Dalanews 26 шіл. 2022 12:36 1121

Ұлыбритания билігі Ресейдің ұзын саны 30-ға жететін губернаторына санкция, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде ағылшындар Ресейге салынған санкциялық шектеулердің барынша кеңейтуде. Бұл жол британ билігі негізінен Ресейдің Украинамен шектесетін аймақтарын басқартаын губернаторларын санкция салғанын айта кетуіміз керек.

Бұл жол ағылшындардың құрығына Украинамен шектесетін Курск облысының губернаторы Роман Старовойт, Брянск облысының басшысы Александр Богомаз, Воронеж облысының жетекшісі Александр Гусевтер тізімді бастап тұр.

Бұдан басқа Амур, Владимир, Волгоград, Вологодон, Калужа, Ленинград, Липецк, Нижегород, Новосибирь, Оренбург, Самара, Саратов, Свердловск, Тамбов, Тюмен, Челябинск облыстары мен Башқұртстан, Коми, Чувашия және Якутия республикасының басшылары, Алтай, Красноярск және Ставропольск өлкесінің жетекшілер, Ямало-Ненецк автономды округының басшылары бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар