Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс: МИБ төрайымы кінәсін мойындамады

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс: МИБ төрайымы кінәсін мойындамады
ашық дереккөз

Ұлдана Мырзуанның өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы Сәуле Жұбаниязова өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сәуле Жұбаниязова – қайғылы оқиға болған тұрғын үйдің мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрайымы. Сот отырысы барысында судья Меруерт Абаева айыпталушыдан тағылған айыптарға қатысты ұстанымын сұрады. Жұбаниязова өз кінәсін мойындамайтынын және айыптаумен толық келіспейтінін айтты.

Сондай-ақ сотта дәлелдемелерді зерттеу тәртібі бекітілді. Алдымен жәбірленушілерден жауап алынады, кейін куәлар мен айыпталушы тыңдалады. Одан соң іс материалдары жарияланып, қылмыстық іске тіркелген бейнежазбалар қаралады.