Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастаудан бас тартты

Көркем Алдабергенова 18 сәу. 2026 11:02

Украинада Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған барельефті демонтаждау ұсынысы қолдау таппады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бастаманы қазақстандық белсенді Тұрарбек Құсайынов көтерген. Ол Назарбаевтың кеңестік жүйемен байланысын және Владимир Путинмен қарым-қатынасын алға тартып, ескерткішті алып тастауды ұсынған.

Алайда жауапты мекеме басшысы Александр Алфёров барельефте тыйым салынған символдар жоқ екенін айтып, оны демонтаждауға негіз жоғын мәлімдеді.

Аталған барельеф Назарбаев білім алған училище ғимаратының қасбетіне орнатылған. Ол бұл оқу орнында 1958–1960 жылдары оқыған. Ескерткіш 2005 жылы қойылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove