«Украин мектептерінде орыс тіліне орын жоқ!». Житомир мэрі оккупанттардың тілін оқытуға тыйым салды

Dalanews 19 мам. 2022 07:18 1024

Украинаның Житомир қаласының мэрі Сергей Сухомлин өзінің Facebook парақшасында 18 мамырдан бастап қала аумағындағы мектептерде орыс тілін оқыту тоқтатылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Украин мектептерінде орыс тіліне орын жоқ. Егер балалар қандайда бір терминдерді түсінбей жатса, оларға қажет болса, жекелеп түсіндіретін боламыз, – деді қала басшысы.

Қала басшысы соғыстан бас сауғалап, Украинаның өзге өңірлерінен келген отбасылардың балалары үшін украин тілін үйрететін арнайы лагерлер ұйымдастыратындарын да алға тартты.

– 1 маусымнан бастап жазғы лагерлерде балаларға украин тілін үйрете бастаймыз. Окупанттардың тілі бізге керегі жоқ, – деді Сергей Сухомлин.


Ал Житомир қаласы білім департаментінің бас маманы қазіргі таңда қаладағы мектептерде орыс тілін оқитын 40 сынып бар екенін алға тартты. Бұл дегеніңіз мың бала орыс тілін оқып жүр деген сөз.

Білім департаментінің маманы орыс тілінен сабақ беретін ұстаздарды жұмыссыз қалдырмайтынын айтты. Орыс тілі мамандары мектепте өнерге қатысты пәндер бойынша сабақ беретінін айтты. Бұдан басқа факултативті курстар ұйымдастыру ісіне орыс тілі ұстаздары тартылатынын алға тартты.

Естеріңізге сала кетеміз, Житомир қаласының мэрі 11 сәуірден бері қалдағы мектептерде орыс тілі пәнін тоқтату мәселесін көтерген болатын. Ол ойынша 20-30 жылға дейін украин балаларына орыс тілінің қажеті болмайтынын айтқан болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар