Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президенттің Каспийді зерделеу және сақтау, сондай-ақ, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінген.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық, гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарланып отыр.
Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық шараны қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражаты мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылау тапсырылды.
