Үкімет ERG-дегі үлесін арттырмайды – Серік Жұманғарин

Үкімет ERG-дегі үлесін арттырмайды – Серік Жұманғарин
Фото: primeminister.kz

Үкімет Eurasian Resources Group (ERG) компаниясындағы үлесін арттыруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол бұған дейін аталған компанияның директорлар кеңесінің құрамында болған. Nege.kz мәліметінше, Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Жұманғарин мемлекет иелігіндегі үлес әзірге өзгеріссіз қалатынын жеткізген. 

“Үкіметтің онда шамамен 40 пайыз үлесі бар. Қазіргі таңда бұл үлесті арттыру жоспарда жоқ”, – деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол ERG-дің жекеменшік акционерлері арасында қандай да бір келіспеушілік бар екенінен хабары жоқ екенін жеткізді.

Бұған дейін Financial Times басылымы ERG-дің бір бөлігін мемлекет меншігіне өткізуі мүмкін екені туралы жазған еді. Басылым мәліметінше, Президент әкімшілігінің жаңа басшысы Роман Скляр холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалуы ықтимал.