Премьер-министр өңірлердегі жылу көздерін жаңғыртуға 25 млрд теңге бөлу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкімет бұл қаражаттың тиімді жұмсалуын және одан алынған нәтижені бақылайды
Үкімет отырысында Премьер-министр жөндеу жұмыстарын жүргізуге және энергия көздері мен желілерінің негізгі жабдықтарын ауыстыруға қажетті қолдау шаралары көрсетіліп жатқанын баса айтты.
Премьер-министр осы айда Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздерін жаңғырту үшін резервтен 25 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды.
«Үкімет бұл қаражаттың тиімді жұмсалуын және одан алынған нәтижені бақылайды»,- деп атап өтті Олжас Бектенов.