«Оскар» сыйлығының иегері, ирландиялық актриса Бренда Фрикер 81 жасында өмірден өтті. Ол көрерменге «Үйде жалғыз қалғанда 2» фильміндегі Орталық саябақта кептер бағатын әйелдің рөлі арқылы кеңінен танылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Актриса 1989 жылы жарық көрген «Менің сол аяғым» фильмінде басты кейіпкердің анасын сомдады. Осы рөлі үшін 1990 жылы «Үздік көмекші актриса» номинациясы бойынша «Оскар» марапатына ие болды.
Ал 1992 жылы шыққан «Үйде жалғыз қалғанда 2» фильмінде ол Нью-Йоркте жалғыз қалған Кевинмен достасатын үйсіз әйелдің образын сомдады. Бұл кейіпкер актрисаның ең есте қаларлық рөлдерінің біріне айналды.
Бренда Фрикер сондай-ақ «Сонымен, мен балтамен өлтірушіге үйлендім», «Шеткері алаңдағы періштелер», «Ажал уақыты» және «Вероника Герин» фильмдерінде ойнаған.
Актриса кейінгі сұхбаттарының бірінде «Оскар» жүлдесі оның мансабына кері әсер еткенін айтқан. Оның сөзінше, марапаттан кейін режиссерлер оған көбіне бір-біріне ұқсас рөлдер ұсынып, басқа жанрдағы жобаларға шақырмай қойған.
«“Оскардың қарғысы” деген құбылыс маған да әсер етті», – деген еді Бренда Фрикер 2024 жылы берген сұхбатында.