Уақыт сынынан өткен таңдау: Kia Қазақстанда үздік үштікке енді

Уақыт сынынан өткен таңдау: Kia Қазақстанда үздік үштікке енді

Қазақстанда Allur компаниялар тобының құрамында ұсынылған Kia бренді 2026 жылғы шілденің қорытындысы бойынша елдің автомобиль нарығында тағы да үшінші орынға ие болды. Қазақстанның Автокөлік Бизнесі Қауымдастығының (ҚАБҚ) дерегінше, Kia-ның нарықтағы үлесі 12,2%-ға дейін өсіп, сатылым көлемі шамамен 10%-ға артқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Kia-ның Қазақстан нарығында үшінші орынға ие болуы заңды нәтиже деуге болады. Бренд өз орнын біртіндеп нығайтып, сатып алушылардың сенімін сақтап келеді. Мұнда бәрі өзара үйлеседі: сенімділігі мен қолайлылығы үшін таңдалатын автокөліктер, брендтің қалыптасқан беделі және көлікті сатып алған сәтте ғана емес, бірнеше жыл өткеннен кейін де сақталатын тұрақты сұраныс.

Бүгінде қазақстандықтар автокөлік таңдағанда оның бағасы мен сыртқы келбетіне ғана назар аудармайды. Күнделікті пайдаланудағы сенімділігі, сапасы, кейін қайта сатудың тиімділігі және уақыт өте келе өз құнын қаншалықты сақтайтыны да маңызды. Сондықтан Kia нарықта сатып алушылар қайта-қайта таңдау жасайтын брендтердің бірі болып қала береді.

Шілде айындағы көрсеткіштер де Kia-ның Қазақстан нарығындағы орны берік екенін көрсетті. Брендтің үздік үштікке қайта енуі - оның тұрақты дамуы мен тұтынушылар тарапынан қалыптасқан сенімнің нәтижесі.