Тиллерсон қызметінен кетті

Dalanews 14 нау. 2018 15:25 1032

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды қызметінен босатты. Оның орнына ЦРУ-ды басқарған Майк Помпео тағайындалды. Ал ЦРУ-ға Джина Хаспел келді. Хаспел ЦРУ-ды басқаратын алғашқы әйел.

Трамп твиттерде "ЦРУ директоры Майк Помпео жаңа мемлекеттік хатшымыз болады. Ол керемет жұмыс істейтін болады. Рекс Тиллерсонға қызметі үшін рахмет! Джина Хаспел ЦРУ-дың жаңа директоры және бұл қызметтегі алғашқы әйел. Барлығын құттықтаймыз!" деп жазды.

Трамп бұл шешімнің себебін түсіндірген жоқ. Өткен аптада Тиллерсон Африкаға сапарын орта жолдан үзіп Вашингтонға оралған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар