Туризм күні құтты болсын!

Dalanews 27 қыр. 2023 06:07 1098

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні. Қазақстан бұл күнді 1993 жылдан бері атап өтіп келеді. Сол жылы еліміз Халықаралық Туризм Агенттігінің құрамына кірген болатын.

Содан бері 30 жыл ішінде еліміз туризм саласында көшін түзеп үлгерді.

Еліміздегі көрікті мекенде, әсіресе айналасы орман-тоғай, тау-жота, тіпті шипалы арасан суы бар жерлердегі инфрақұрылымы дамыған шипажайларға туристер тартыла бастады.



Олар Қазақстанның көрікті жерлері мен тарихи мекендерді аралап қана қоймай, ем-дом алып, демалып қайтатын болды.

«Almaty Resort» шипажайында туристерге барлық жағдай жасалған. Серуендеп терренкурда жүре аласыз, 3000 метр тереңнен шығатын арасан суын ішіп немесе балдай қымыздан дәм татып, жанартаудан алынған балшық жағып емделесіз, тұзды шахтада шаршауыңызды шығарасыз.


Мұнда ем-домның жүздеген түрі бар.

Құрметті турист, Алматыға келіп, Алатауда қыдырып қайтқан соң, «Almaty Resort» шипажайына соғып кетуді ұмытпағайсыз!

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар