7 наурызда Раушан Тұрсымбаева шағымды кері қайтарып алуға негіз таппады. Сол себепті оны соттың қарауына алып, азаматтық іс ретінде қарауға шешім шығарды
Арсен Алагөзовтің не себепті және қандай үйден шығару керектігі туралы беймәлім күйде қалды. Тұрсынғали Алагөзов ажырасқалы бері балаларымен бір мәміле бола алмай жүргендігін жасырмады. Тіпті, қызы Әмина фамилиясымен қоса, әкесінің тегін де ауыстырып жіберген.
– Мен балаларыммен араласқым келеді, бірақ мүмкін болмай жатыр. Түсінемін, олар аналарының жағында. Оларға да ауыр. Қызым фамилиясы тұрмақ әкесінің тегін де ауыстырды, – дейді бизнесмен.
Мүмкін, мұндай шешім қызынан кейін ұлы Арсенге өтен болар.
Тұрсынғали Алагөзов тарапынан әзірге ешқандай арыз шағым түскен жоқ. Ол қолындағы бар байлығынан оңай айрылуы қиынға соқпағаны белгілі. Ол үшін бірінші кезекте туысқандық пен рухани байланыс. Оның бизнесі бұрынғы әйелі Лайсер Алагөзованың қолында екенін мәлімдеді.
– Менде қазір ештеңе жоқ деп алаңдамаймын. Табысты адамдар әрқашан солай болып қала береді. Егер жас болғанымда империя құрушы едім, қайта құрушы едім. Маған ең басты керегі – балаларыммен ара-қатынасымды жақсарту, – деп түсіндірді Алагөзов.
Бизнесменнің балаларымен ара қатынасы жақсара қоюы күмән туғызып тұр. Айтпақшы, Арсен Алагөзовтың арызы бойынша сот ісінің қаралымы 29 наурызға белгіленді.