Freedom Inside '26

Түркиялық полицейлер іздеп таппай жүрген алаяқ Алматыда ұсталды

Түркиялық полицейлер іздеп таппай жүрген алаяқ Алматыда ұсталды
Polisia.kz

Түркияның құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша Түркияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сату туралы жалған интернет-жарнама арқылы жәбірленушілерді алдап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.