«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында «Өмір» және «Шипа» жобаларын қолға алған болатын. Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.
Бүгін аудандарға дәрі-дәрмек жөнелтілді. «Jas Otan» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, ел азаматтары мен кәсіпкерлер жобаларға қызу қолдау көрсетіп жатыр.
– Бүгін «Шипа жобасы бойынша аудан, қалалардағы мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жолдап отырмыз. Ерікті жастар бұл бастамаға қолдау көрсетуде. Біз осындай қадамдар арқылы тұрғындарға көмек қолын созуды мақсат тұттық. Партия филиалына, «нұротандық» депутаттарға, демеуші ағаларға, волонтер жастарға алғысымыз мол, – дейді ол.