Әкім орынбасары медицина мамандарының жұмыстары ерекше екенін атап өтті.
Республика күні қарсаңында салтанатты жағдайда ақ халатты абзал жандар «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.
Басқарма басшысы Асхан Байдувалиев жиынға қатысқан барша әріптестерін мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиын соңында естелік суретке түсті.