Түркістанда өгей әкесі ұлы мен келінін өлтірді

Түркістанда өгей әкесі ұлы мен келінін өлтірді
Көрнекі фото: Ignatiev/Getty Images

Түркістан қаласында өгей әкесі өзінің ұлы мен келінін өлтірді. Бұл туралы ақпаратты журналист Айка Айтаханова желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады dalanews.kz.

Журналистің мәліметінше, ерлі-зайыптылар Қызылордадан анасының жерлеу рәсіміне келген. Алайда кейін әкесі мен ұлының арасында жанжал туындаған.

Жанжалдың соңы қайғылы жағдайға ұласып, әкесі ұлы мен келінін өлтірген. Осыдан кейін ол полицияға өзі хабарласып, болған жағдайды айтып берген.

Көршілердің сөзінше, марқұмдардың бірінің денесі үйдің ішінен, екіншісінікі ауладан табылған.

Олар күдіктіні бұрыннан жақсы адам ретінде білетіндерін айтып, оның мұндай әрекетке барғанына әлі де сене алмай отырғандарын жеткізді.

Оқиғаның нақты неден басталғаны мен қылмыстың өзге де мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.