Түркістанда «Ақ бата» байқауының жеңімпаздары анықталды

Dalanews 15 желт. 2018 10:01 330

Түркістанда «Ақ бата» байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Ontustik» телеарнасы мен Облыстық мәдениет және  халық шығармашылығы орталығы бірлескен тележобасының мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына орай халқымыздың рухани-тарихи тамырларының кең аясынан әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміздің негізі саналатын бата беру дәстүрін насихаттау. Облыс аумағындағы батагөй дарын иелерін телеарна арқылы паш етіп, хас таланттардың шыңдалуына жол ашу болатын.

Тележоба қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты  7-мен 70 жас аралығындағы үміткерлер арасында 3 топта өткізілді. Батагөйлер сайысына облысымыздың барлық аудандарынан 45 үміткер тіркелді. 3 кезеңнен тұратын сайыстың шартына сәйкес «Ақ бата» аталымы бойынша Шардаралық Әбдіғаппар Айдаров, «Зерделі бата» аталымы бойынша Түркістан қаласынан Сайлаухан Жоланов  жеңімпаз атанды. «Бала бата» аталымы бойынша Қазығұрт ауданына келген Нұрлыбақыт Қаһарұлы бірінші орынды иемденді.

 

Жеңімпаздар

«Ақ бата» қатысушылары арасында:

І орын - Әбдіғаппар Айдаров, Шардара ауданы

ІІ орын - Сатан Маханов, Созақ ауданы

ІІІ орын -  Мырзатай  Өтембеков, Бәйдібек ауданы

ІІІ орын - Мұратбек Абдуллаев, Кентау қаласы

 

«Зерделі бата» қатысушылары арасында:

І орын - Сайлаухан Жоланов ,Түркістан қаласы

ІІ орын - Тимур Тастанов, Төле би  ауданы

ІІІ орын - Тұрысбек Келімбет, Түлкібас ауданы

 

«Бала бата» қатысушылары арасында:

І орын - Нұрлыбақыт Қаһарұлы, Қазығұрт ауданы

ІІ орын - Мирас Шаншар, Арыс  қаласы

ІІ орын - Байдаулет Әбжан, Түркістан қаласы

ІІІ орын - Аңсар Әлжан, Созақ ауданы

ІІІ орын - Әлинұр Әділұлы, Кентау қаласы

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x