Түркістан облысының соты кәмелетке толмағанға қатысты зорлық ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Dala News.
Соттың 2026 жылғы 24 ақпандағы үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы және 149-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен айыпталушыға 120-бап бойынша 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы және өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салу жазасы тағайындалды. 149-бап бойынша оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
ҚК-нің 58-бабының 3 және 5-бөліктеріне сәйкес, жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына балалармен жұмыс істеуге тыйым салу жазасы белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, күдікті өткен жылдың қазан айында Келес ауданында ұсталған болатын. Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл 15 жастағы қыз қаңтар айында босанғанын, ал анасының арызы қазан айында түскенін мәлімдеген. Қылмыстық іс кәмелетке толмағанның анасы полицияға жүгінгеннен кейін қозғалған. Бұған дейін өңірлік полиция департаменті тарапынан арыз тіркелмегені айтылған.
