Түркістанда 100 шақырым жол жөнделеді

Dalanews 15 сәу. 2019 08:56 1025

Биыл облыс орталығы Түркістан қаласында жол инфрақұрылымын дамыту  мақсатында 93,89 шақырым құрайтын 5 көшеге (19,1 шақырым) күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал 67 көшеде (74,79 шақырым) орташа жөндеу  және абаттандыру жұмыстары қолға алынады. Қазіргі таңда 3 көшенің (Б.Саттарханов даңғылы, Шекті - Тілеу - Жібек жолы, Майкөтев көшелері)  күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы қала көшелерін жөндеу мен абаттандыру жұмыстары бойынша оң жақ бұрылыстар, бағдаршамдар, жол белгілері, аялдамалар мен аяқжолдар және жарықтандыру жүйесі жаңартылады.

Абаттандыру жұмыстары барысында Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы тәжірибелер негізге алынады. Мсәелен, Тәуке хан даңғылы, С.Қожанов көшесі бойындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Медициналық колледж сияқты оқу орындарының және тағы басқа да нысандардың жол бойы мен ғимараттары аралығында «Кең көріністі кеңістік» қалыптастырылады. Яғни, темір шарбақ қоршаулар мен жапсарлас салынған уақытша құрылыстар реттеледі. Жаяу жүргіншілер жолдары кеңейтіліп, жасыл желектер молаяды. Осы арқылы сауда үйлерінің қас беттерін біркелкі сәулеттік үлгіге келтіру жолға қойылмақ. Сондай-ақ  жол бойынан веложол салу да қарастырылып, жарық бағаналары орнатылатын болады.



Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар