Қазақстанда табиғи газ тұтынуын есепке алуға арналған смарт-есептегіштерді орнату жұмыстары басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жобаны QazaqGaz Aimaq жүзеге асыруда. Қазіргі таңда жұмыстар Шымкент қаласында, Түркістан облысы мен Қызылорда облысы аумақтарында Aqyl Energy жобасы аясында жүргізілуде
Айта кету керек, заманауи құрылғыларды орнату тұрғындар үшін толықтай тегін жүзеге асырылады. Жаңа есептегіштер қауіпсіздік деңгейін арттырып, есеп айырысудың ашықтығын қамтамасыз етеді және қызметті толықтай цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.
Пайдаланушылар газ тұтыну көлемін QazaqGaz Aimaq мобильді қосымшасы арқылы бақылап отыра алады. Смарт-есептегіштерді енгізу есепке алу процесін тұрғындар үшін анағұрлым ыңғайлы әрі үнемді етеді.