Түркістан облысында ер адам туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысында ер адам туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Пышақ. Көрнекі фото: Mariia Demchenko/Getty Images

Түркістан облысының Түлкібас ауданында ер адам туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Отырар" телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшасының жазуынша, қанды оқиға елді мекендердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 40 жастағы ер адам анасын өз үйінде пышақтап өлтірген.

Бейресми ақпаратта күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылғаны айтылады. Алайда бұл мәліметке қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме бермеген.

Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Оқиға туралы ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаменті растаған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстық іс қозғап, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.