Түркістан облысында ағайынды жігіттер суға батып кетті

Түркістан облысында ағайынды жігіттер суға батып кетті
ашық дереккөз

Түркістан облысында Сырдария өзеніне шомылуға барған екі ағайынды азамат қаза тапты., деп хабарлайды dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 22 тамыз күні Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1998 және 2002 жылы туған ағайындылар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Сол кезде кіші інісі суға батып бара жатқан. Оны құтқармақ болған ағасы да өзенге секіргенімен, екеуі де судан шыға алмаған.

Құтқарушылар 2002 жылы туған азаматтың денесін кеше тапты. Марқұмның артында 1,5 жасар баласы қалды. Оның жақында ғана Назарбаев Зияткерлік мектебіне жұмысқа орналасқаны белгілі болды.

Ал бүгін 1998 жылы туған азаматтың мәйіті судан шығарылды. Оның артында 2,5 жастағы баласы мен жүкті жұбайы қалды. Марқұм Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасында қызмет атқарған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.