Түркістан облысында ағайынды балалар суға батып кетті

Түркістан облысында ағайынды балалар суға батып кетті
видео кадры

Түркістан облысы Келес ауданында қайғылы оқиға болып, екі бала көз жұмды. Ағайынды балалар Ошақты суару каналына құлап, оларды қатты ағыс алып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz otyrar.kz-ке сілтеп.

Қайғылы жағдай 31 мамырда кешке Еңбекші ауылында болған. Бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растаған.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облыстық ТЖД, Полиция департаменті және жедел құтқару жасағының 73 қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ, 11 техника мен екі жүзу құралы пайдаланылған.

ТЖД мәліметінше, қаза тапқан балалардың үлкені 13 жаста, кішісі 8 жаста. Бір баланың сүйегі сол түні табылса, екіншісінің сүйегі келесі күні анықталған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр.