Бүгінгі таңда 14 ауданда рейдтік іс-шаралар бекітіліп, нәтижесінде 11.12.2018 жылына 336 азаматқа түрлі заң бұзушылықтар бойынша акт толтырылды. Атап айтқанда, кәсіпкер ретінде тіркелмеген 171 азаматқа (бақылау-кассалық машинасы жоқ немесе қолданбайтын 134 азаматқа және тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін сатумен айналысатын 31 азаматқа). 118 азаматтың құжаттары сотқа өткізілді. Рейдтік тексеріс басталған мерзімнен бері 1000-ға жуық азаматтар кәсіпкер ретінде Мемлекеттік кірістер басқармаларында тіркеліп, 18 азамат бақылау-кассалық машинасын тіркеген.
Ағымдағы жылда жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП (ұлтық кәсіпкерлер палатасы) және Кәсіпкерлік корпорациясы одағымен бірлесе отырып, облыс аумағында орналасқан сауда базарларында пилоттық жоба үлгісімен тиісті жұмыстар жүргізіп, әр аудан бір базардан пилоттық жобаға қатысу үшін ұсынылды.
Республикалық пилоттық жобаға берілген Кентау қаласының «Байсалкерім» базарында пилоттық жоба басталғанға дейін «Байсалкерім» базарында оңайлатылған декларация АСР (арнаулы салық режимі) 7 және патентпен жұмыс істейтін 90 кәсіпкер болып, 7 жеке кәсіпкерде БКМ (бақылау касса машинасы) болса, ал оның ішінде 6-да онлайн БКМ болған (бұдан әрі - онлайн БКМ).
Пилоттық жоба басталғаннан кейін 90 патент қолданушы салық төлеушінің 4 салық төлеуші оңайлатылған декларациядан режиміне өттіп онлайн БКМ алған және 42 салық төлеуші патент қолданушы қазіргі таңға онлайн БКМ алып, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін оңайлатылған декларацияға өтуге 30 салық төлеуші өтініш қалдырған.
Пилоттық жоба басталғалы 98 салық төлеушіден 50 салық төлеуші БКМ тіркеді (онлайн БКМ).