Түркістан облысында үздік салық төлеушілер марапатталды

Dalanews 14 жел. 2022 10:05 786

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына ашықтығы мен сенімін арттыру мақсатында облыстық денгейде «Үздік салық төлеуші», «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» акциясын өткізуді жоспарлаған.

Осыған орай, Түркістан облысында түрлі номинация бойынша 11 салық төлеушісі үздіктер қатарына ілінді. Олар – «Сыртқы-экономикалық қызметке үздік қатысушы» аталымы - «АУЕС» Өндірістік кооперативі (Сарыағаш ауданы),  «Үздік салық төлеуші» - «Шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі» номинациясы - «Сыздыкбеков А» шаруа (Отырар ауданы); «Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі» аталымы -  ДК «Сейдозимов З.Т» (Түлкібас ауданы), «Акциздер» номинациясы - «Мичурин Алма-Экспорт» ЖШС (Түлкібас ауданы), «Жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбi - өндіріс» аталымы «AYKAN» ЖШС (Сайрам ауданы), «Мониторингке жататын ірі салық төлеуші» номинациясы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ,  «Жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбi - сауда» аталымы – «Восточный Регион» ЖШС (Мақтарал ауданы бойынша), «Жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбi – байланыс және көлік» аталымы - «Satti Logistics» ЖШС басшысы Жетписбаев Арман Дербысалиевич (Сайрам ауданы бойынша),  «Жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбi – қызмет көрсету» номинациясы - «Горный курорт ALMA-TAU» ЖШС (Төлеби ауданы), «Жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбi - құрылыс» аталымы - «Актобеспецстроймонтаж» ЖШС (Арыс қаласы), «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін» аталымы - «КОШИМ»         ШҚ (Келес ауданы).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар