Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер ұзындығы төрт сантиметр болатын шегені жұтып қойған бір жастағы баланың өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz. Otyrar порталына сілтеме жасап.
Бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген: ол тұншығып жатқан. Оқиға 27 қазан күні болған.
Медициналық мекеменің хирургы Мұқағали Темірбековтың айтуынша, шеге баланың кеңірдегінен операция жасамай-ақ алынған. Дәрігердің сөзінше, мұндай жағдайларда әрбір минут шешуші рөл атқарады.
Қазір баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында.
