Оның жалпы аумағы – 18,6 мың шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер 2019 жылы пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.
Сонымен қатар, 2018 жылы облыста 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 млрд.теңге қаралған. Жыл соңына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таңда 11 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Қалған 101 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.
Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан 2019 жылға өтпелі. Мәдениет саласында 2 мәдениет үйі мен 1 мұражайға қосымша нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда 2 нысан пайдалануға берілген. Спорт саласында 3 нысан құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі