Түркістан облысы Қазақстандағы адам капиталының орталығы

Dalanews 12 қар. 2018 05:56 828

Бүгінде елімізде ішкі көші-қон саласын реттейтін жақсы бастамалар іске асып, кең байтақ Қазақстанның әр пұшпағында тұратын ел азаматтар бір-бірімен қоян-қолтық араласа бастады. Бұл ретте Түркістан облысынан халық саны аз Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысына біраз отбасының қоныс аударғанын айрықша атап айтуға болады. Осылай Түркістан облысы елімізде демография саласына серпін беруде.



Бүгінде Түркістан облысынан қоныс аударған отбасылардың мүшелері Павлодар облысындағы өндіріс, ауыш шаруашылығы, кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп, өздерінің іс-тәжірибелерін жергілікте жерде пайдаланып, Кереку өңірінің экономикасын көтеруге барынша пайдаланып жатыр. Осы бір жоба арқылы Түркістан облысы Қазақстандағы адам капиталының орталығы, қайнар көзі екенін тағы да дәлелдеді.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарына қоныс аударған түркістандықтар шағын және орта бизнестің жандандыруға барынша ықпал етіп отыр. Өз кезегінде Түркістан облысынан қоныс аударған халықтың еңбек етіп, табыс табуға деген құлшынысы жергілікті халықтың да жұмысқа деген ынта-ықласын оятқанын айта кетуіміз керек.

Мұндай тиімді іс-тәжірибе өзінің жемісін бере бастағаннан кейін Түркістан облысына  Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан арнайы делегациялар келіп, қарпайым халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенін білеміз. Алыстан ат терлетіп келген топ мүшелері бос жұмыс орындардың денін мемлекеттік қызмет, білім саласы, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы салаларындағы мамандықтар құрайтынын айтқан болатын.

– Бізде соңғы жылдары маман тапшылығы қатты сезіліп отыр. Әсіресе, мемлекеттік қызмет түрлеріне мамандар жетіспейді. Бұл ретте балабақша, мектеп мұғалімдері, денсаулық сақтау саласында еңбек етем деушілерге есігіміз айқара ашық. Ең бастысы – солтүстікке көшуге ниетті мамандардың өз ынта –жігері, қызығушылығы болса, қабылдауға даярмыз, – деп Павлодар облысы, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылдық округінің әкімі Орда Ермекбаев ойын ортаға салған болаты.

Жалпы Павлодар облысы егіс егумен, мал шаруашылығымен айналысуға да өте қолайлы. Ол жақтағы ауылды жерлерде баспана бағасы да аса қымбат емес. Осы жайттарға тоқталған топ мүшелері түркістандықтарға айтып,  Павлодар облысына қоныс аударып, жұмысқа орналасып, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар