ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫ» ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Dalanews 21 қаз. 2024 10:29 3229

Соңғы кездері елімізде ерекше көңіл бөлініп, мемлекеттік деңгейде қамқорлықтар көрсетіліп келе жатқан ұлттық ойынымызды дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында өткен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы XII Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан құрамасының мерейі үстем болып, чемпион атанды,  деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облысымыздың тақымы мен білегі мықты жігіттерінен құрылған 14 команда қатысқан байрақты бәсекенің ақтық сынында Шымкент құрамасымен күш сынасқан Түркістан құрамасы 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жеңіске жеткізген 5 салымның 3-ін «Жетісай ұлттық спорт клубының»мүшесі, жас шабандоз, аталмыш чемпионаттың «Үздік шабуылшысы»атанған Ерболат Айтуған салды.

V дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан жеңіспен оралған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жерлесіміз Абылайхан Нышанбековпен қатар Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрімен бүгінде ауданда 2 мыңға жуық азамат шұғылданады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар