ҚР Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы орын алады. Ең жоғары жүктеме сағаттарында тұтыну өткен жылғыдан 1 500 МВт-тан асатын болады. Осыған байланысты Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Шымкент қаласында шектеулер енгізілуде.
– Аталған мәселе ҚР Энергетика министрлігінде шешілуде. Жамбыл ГРЭС-нің генерациясын 800 МВт-қа дейін арттыру мақсатында қосымша энергия блоктарын іске қосу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, «Энергопоток» ЖШС ЖГРЭС-пен электр энергиясының қосымша көлемін жеткізу бойынша келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, Алматы облысында кешкі максимумда Мойнақ ГЭС қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Асхат Ермекұлы.