Түркістан: «Aikey» ақпараттық жүйесіне биыл 80 мыңнан астам қоңырау түскен

Жарбол Кентұлы 11 қар. 2024 22:27 269

Ел Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыруды, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюды тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысының 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардан түсетін өтініштерді қабылдауда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 113 826 қоңырау келіп түссе, оның 81 916-на дер кезінде жауап берілген. Соның ішінде  31 837 арыз-шағым қабылданған. Бүгінде 230 өтінім жұмыс барысында тұр. Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, операторлар орташа есеппен күніне 150-200 қоңырауға дейін қабылдайды. Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бойынша, оның ішінде жарық, ауыз су, газ, жол мәселелеріне байланысты түседі. Сондай-ақ референдум және сайлау бойынша ақпарат берілген.

Байланыс орталық өтінішті жан-жақты қабылдайды. Атап айтқанда, 109 қысқа нөмірі, «Aikey» мобильді қосымшасы, turkestanobl.109@gmail.com электронды поштасы, WhatsApp желісі, телеграмда арнайы чат боты, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен өтінімдер қаралып, жауаптары арыз иесіне жолданады.

Айта кетейік, тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында облыс аумағындағы бильбордтарға 200-ге жуық баннер орнатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар