Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанда кортежін арнайы тоқтатып, жол жиегінде қол бұлғап тұрған адамдармен амандасты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Видеоны Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

"Түркия президенті түркістандықтармен суретке түсіп, шынайы ықыласын көрсетті", - деп жазылған жазбада.