Түркі елдері келесі жылы бірлескен спутникті іске қосады

Түркі елдері келесі жылы бірлескен спутникті іске қосады
silkwaytv.kz

Түркі мемлекеттері ұйымы келесі жылы бірлескен спутникті іске қосады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәліметінше, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстаннан келген әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта жасап жатқан CubeSat-12U ғылыми-технологиялық спутнигі негізгі жобаға айналған.

Астанадағы ғарыш саласының мамандары отандық құрастыру-сынау кешені базасында жобалау мен жалпы құрастыруға жауапты, Өзбекстан тарапы қозғалтқыш қондырғысын әзірлеп жатыр, ал Түркиядан келген серіктестер жобаны күн панельдерімен және бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етеді.

"Біз үшін бұл жоба жай ғана кезекті аппаратты іске қосудан әлдеқайда жоғары. Біз қазақстандық спутник жасау ісі, өзбек инженериясы, түрік IT шешімдері сияқты құзыреттерді біріктірдік. Келесі жылы спутник орбитаға шыққанда, бұл түркі мемлекеттерінің ең күрделі ғылыми міндеттерді бірлесіп іске асыруға қауқарлы екенін дәлелдейтін ортақ табыс болады", - деді премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Жобаны іске қосу келесі жылға жоспарланған.