Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қонаевтан 8 шақырым қашықта магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелгені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жағдайға пікір білдірді.
"Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес Алматы облысы аумағында және Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі тіркелмегенін хабарлайды. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ, сонымен қатар, қираған ғимараттар, зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмеді", - деді ТЖД өкілі.
Ведомство Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрады.
