3 желтоқсанда еліміздің 16 облысында ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Қазгидромет» таратқан ақпаратқа сәйкес, бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ пайда болады, кей жерлерде боран соғып, жел күшейеді.
Астана, Көкшетау, Талдықорған, Алматы, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тұман күтіледі.
Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде көктайғақ байқалады.
Ақмола облысында түнде және күндіз қарлы боран соғады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Алакөл ойысында жел жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Өскемен қаласында ауа сапасының төмендеуіне байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай туралы ескерту өз күшінде қалып отыр.
Синоптиктер тұрғындарға алдағы күндері ауа райының құбылуына байланысты жолда абай болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
