Түлкібаста «Nur Otan» партиясы үміткері «Дос би» серіктестігіндегі сайлаушыларымен кездесті

Dalanews 05 қаң. 2021 15:52 962

Бүгін Түлкібас ауданында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Құдайберген Ержан Төлепұлы «Дос би» ЖШС ұжымымымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021 жылы 4 ауылдық округте 2023 жылы Келтемашат ауылдық округі жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырылып, жарықтандыру жүйелерін орнатылатындығын және (2024 жылы Қайыршақты – 1,5 ш.қ., 2025 жылы Даубаба-1 – 3,5 ш.қ.) ауыз су жүйелерін тартуға ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар  Келтемашат ауылдық округінің шақырымдық жолдары орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

«Дос би» серіктестігі 1996 жылы құрылған болатын. Серіктестіктің төрағасы Әсет Тілеулесов. Негізгі айналысатын шаруашылығы – ауылшаруашылық өнімдерін өндіреді және асыл тұқымды ірі қара мал бағады. Бүгінде кәсіпорынның өзінің тәулігіне 3 тонна сүт өндіретін жеке мини цехы бар. Бұл шаруашылықта тұрақты түрде 70 адам жұмыс істейді.

Қазіргі таңда мал қыстату науқаны болып жатыр. Шаруашылық ұжымы бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтып, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

(Материал ақысы Түлкібас ауданындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар