Аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 827,9 шақырымды құрайды.
Оның ішінде – республикалық маңызы бар 59 шақырым болса, облыстық маңызы бар 242,9 шақырым. Ал аудандық маңызы бар жолдар 96,6 шақырым, елді-мекен көшелері 429,4 шақырымды құрайды.
2019 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде: 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 20 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, жұрт жаңа жолды пайдалана бастайды. Осы жұмыстар атқарылған соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, елді-мекен көшелері 85,1%-ға артпақ.