Түлектерді жұмыспен қамту басты назарда

Dalanews 13 қар. 2023 13:52 683

Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды. Жоғары оқу орындарындағы білім сапасын әлемдік деңгейге сай жетілдіру қажеттілігі заман талабы.

Әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ-да бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, жаңа білім бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер мол.Университетіміздің академиялық саясатына сәйкес түлектерді жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Түлектерді жұмысқа орналастыру ЖОО жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Университет түлектердің жұмысқа сәтті орналасуын білім беру қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде қарастырады. Университет еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мақсатында жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді көпжақты ынтымақтастықты қолдайды; қызметкерлердің ішінен оқытушы-практиктарды сабақ өткізуге тартады, соның ішінде сыртқы ұйымдарының базасының негізінде, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік пен сұранысты қамтамасыз ету мақсатында, ҚазҰУ түлектерінің қорытынды аттестациялауына қатысады.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін білім алушылары мен түлектерін, жұмыс мүмкіндіктері мен кәсіби тағылымдамалар туралы ақпараттандыру мақсатында, университеттегі түрлі іс-шараларға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ететін, мансап және кәсіби даму Орталығы жұмыс істейді. Университеттің білім алушылары мен түлектері өздерінің түйіндемелерін әлеуетті жұмыспен қамтамасыз етуші ұйымдарға жіберуге, сондай-ақ «Жастар және мансап» корпоративтік порталы арқылы жұмыс вакансияларымен танысуға мүмкіндіктері бар екені баршаға мәлім. Университет жоғары білікті кадрларды даярлаудың үздік отандық тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік қызметке маман даярлаудың құзыреттілігін қа­лып­тас­ты­руға ұм­ты­лып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері Қазақстандағы және дүние жүзіндегі жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие.

ҚазҰУ түлектеріне қолжетімді мансаптық мүмкіндіктер университеттің жоғары сапалы білім беруге ұмтылысының көрінісі болып табылады. Сонымен қатар,білім алушыларға әлеуетті жұмыс берушілермен өзара әрекеттесуге және жұмыс орындарын қамтамасыз етуге бағыт беретін мансап жәрмеңкелері мен жұмысқа орналасу бойынша дискуссияларды ұйымдастырады.Қара шаңырақ түлектері – ғылым, бизнес, саясат және өнерді қоса алғанда, әртүрлі салалардағы көшбасшылар. Олар университеттің өкілдері ретінде қызмет етуде. Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы университет берген барлық мүмкіндіктерді пайдалана отыра, «Тұрақты даму мақсаттары» концепциясының 4-мақсаты «сапалы білім» екенін ескеріп,сапалы маман дайындауда аянбай еңбек етуде.Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының берген білімі-түлектердің кемел келешегінің кепілі іспеттес.

 

 

 

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы 

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

 

Касенов Тимур

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

заң факультетінің магистранты

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар