АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог Fox News арнасына берген сұхбатында Дональд Трамп әкімшілігі Украинаға алыс қашықтыққа соққы беру мүмкіндігін пайдалануға рұқсат еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Келлог жүргізушінің «Киев Ақ үйден Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат алды ма?» деген сұрағына жауап берген.
«Менің ойымша, Трамптың өзі, сондай-ақ вице-президент Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио айтқанын ескерсек, жауап айқын: иә, соққы беру мүмкіндігін пайдаланыңыздар», – деді.
Келлогтың айтуынша, Ресейде «қол жетпейтін». Дегенмен ол соққылардың нақты қандай қарумен жасалатынын ашып айтпады.
Сондай-ақ, ол Украина президенті Владимир Зеленскийдің 1500 шақырымға дейінгі қашықтықта ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын сұратуы осы шешіммен байланысты болуы мүмкін екенін болжады.