Трамп Тоқаевқа хат жазды

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2026 11:56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.

Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove