Трамп көш бастады: АҚШ-тағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі қандай?

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2024 13:15 2084

Америкалық БАҚ АҚШ-тағы президент сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының жеңімпазы - Дональд Трамп, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Fox News мәліметінше, Трамп 277 дауыс алды, бұл оның президент сайлауында жеңіске жеткенін білдіреді.

The Hill басылымы да Дональд Трамп сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді. Трамп Пенсильвания мен Аляскада да көш бастаған.

Бұл деректерді соңғы нәтиже деп санауға болмайды, өйткені дауыс санау бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының меңгерушісі м.а. Жанат Момынқұлов Dalanews.kz-ке сұхбат беріп, сайлау нәтижелері туралы болжам жасады.

"Трамп әлемдік саясатта ойып тұрып орын алады. Оның үстіне қазіргідей дағдарыс, соғыс жағдайында оның іс-қимылы - бәрі өте маңызды. Бірақ Харрис қалған жағдайда Американың осы саясаты жалғаса береді. Қытайға, Ресейге, Иранға қатысты шектеу, тежеу саясаты жүреді.

Менің ойымша, Харристің жеңісіне қуанамыз. Ал Трамп келетін болса, Ресеймен қарым-қатынасындағы өзгерістер Орталық Азияға, бізге салқын әсер етеді. Бәрі айналып келгенде халықаралық жүйеге әсер етеді. Біз болжап болмайтын оқиғалар басталып кетуі мүмкін. Харрис Орталық Азияға жаңа бір көзқарас танытуы мүмкін, ол - Ақ үйдің маңындағы бюрократтардың өкілі, тұрақтылықтың "гарантиясы". Ал Трамп келсе, Украинадағы жағдай ұзаққа созылатын дауға айналуы мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, Харристің келгені Қазақстанға тиімді. Орталық Азияға тікелей әсері болмаса да, шешімдері арқылы айналып келгенде әсері болады", - деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар