Бұл ретте жәрдемақыларды төлеу төтенше жағдай режимінің барлық кезеңі ішінде бұрын белгіленген мүгедектік тобы және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіштің және ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы қайта есептелді.
Енді мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері: I топ – 62 723 теңге, II топ – 49 983 теңге, III топ – 33 975 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 45 736 теңге, І топтағы бала кезінен мүгедектер – 62 723 теңге, ІІ топтағы бала кезінен мүгедектер – 51 943 теңге, ІІІ топтағы бала кезінен мүгедектер – 39 202 теңгені құрайды.
I және II топтағы мүгедектерге арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 4 140 теңгені, III топтағы мүгедектерге – 1 778 теңгені, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 2 667 теңгені құрайды.
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақы 45 736 теңге мөлшерінде белгіленді.
Бала кезінен I топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы 45 736 теңгені құрайды.
Жалпы алғанда, 22,8 мыңнан астам алушының жәрдемақысы арттырылды.
Қайта есептеуді ескере отырып, жәрдемақыларды төлеу 2020 жылғы 17 сәуірге жоспарланған.