Гүлнұр Құрманбай Шиелі аудандық сотында 8 жылдан бері судья қызметін атқарып келеді екен. Әртүрлі істерге қазылық етіп жүрген ол 2017 жылы сот төрағасы болып Марат Күздеубаев тағайындалысымен, қызметінде қиындықтар туындай бастағанын айтады.
Гүлнұр Құрманбай, Шиелі аудандық сотының судьясы:
Ол кісі маған кәдімгідей ашық түрде тиісті. Күн көрсетпеді. Маған орысша айтқанда любовница болмадың деген негізбен істеріме тиісіп, жаңа жылдарда болмаса жұмысқа келмеген кезде сіз келмедіңіз, қайда болдыңыз дегендей сол секілді басқа әрекеттері бар енді мен оның бәрін подробности айтуға әйел атыма ұятты нәрсе. Намысыма тиеді. Ауыр ол.
Гүлнұр Құрманбайдың айтуынша, сот төрағасы қызметтік міндетін асыра пайдаланып, өзімбілермендікке де жол берген.
Гүлнұр Құрманбай, Шиелі аудандық сотының судьясы:
Лично айтамын, публично айтамын, менің кабинетімнің есігін бұзып, менсіз, келісімімсіз сөйтіп, істерді алып, менің атымнан компьютерде шешім жазып, оған қол қойып, оны тараптарға беріп, ол тараптар ол шешіммен келіспей, оған аппелациялық келтіріп, ол облыспен бұзылып келгенін мен білгенде аузым ашылып қалды. Менің айтарға сөзім жоқ.
Осылай деп шағымданған судья Гүлнұр Құрманбай басшының үстінен Жоғарғы сотқа арызданғанын айтады. Алайда, фемида өкілдері істі тексере келе ешқандай қылмыс құрамы жоқ деген шешім шығарыпты. Ал, Шиелі аудандық сотының төрағасы Марат Күздеубаев өзіне тағылған айыппен мүлдем келіспейді. Ол мұндай әрекетке судья Гүлнұр Құрманбайдың "менен кек алу мақсатына жасап отырған амалы" дейді.
Марат Күздеубаев, Шиелі аудандық сотының төрағасы:
Мен Шиелі ауданы тұрғындарынан судья Құрманбайдың заңсыз шешімдерінен кейін үйлері мен жерлірінен айырылып қалды деп шағымдар түскеннен кейін өзім тексеру жүргіздім. Содан судья Құрманбайдың ҚР азаматтық кодексінің бүкіл талаптарын бұза отырып, 20 дана заңсыз шешімдерін анықтадым. Судья Құрманбай тарапынан шешім шығару барысында заңсыздыққа жол берілгені туралы облыстық соттың төрағасына хабарлап, заң талаптарына сәйкес, шара қолдандым.
Төраға қол астындағы қызметкердің үстінен қылмыстық кодекстің 369 бабының 3-ші бөлігі және 418 баптың 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын және оның бұған дейін шығарған 20 шешімнің 10-ы бұзылғанын айтып берді. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі Гүлнұр Құрманбайдың өкілеттілігі Жоғарғы сот Төрағасының бұйрығымен екі айға тоқтатылғанын мәлімдеді. Енді жәбірленуші жақ Бас прокурорға шағымданбақ.
https://youtu.be/qNIRLb7vRhA