Төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланбақ

Төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланбақ
gov.kz

10 шілдеден бастап Қазақстандағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланады, деп хабарлайды dalanews.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ 10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар жолдардың кейбір ақылы учаскелеріне бақылау енгізеді. Бұл шара жол апаттарын азайтуға, жылдамдық режимін бұзудың алдын алуға және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Орташа жылдамдықты бақылау екі бағытта мына учаскелерде қолданылады:

  • Ақтөбе - Қандыағаш;
  • Алматы - Қорғас;
  • Көкшетау - Петропавл;
  • Астана - Теміртау, Аршалы - Ошағанды учаскесі.

"Жүйені енгізудегі басты мақсат - жазалау емес, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу. Жүйе көлік белгілі бір аралықты қандай жылдамдықпен жүріп өткенін есептейді. Мұндай тәсіл жүргізушінің тек камераның алдында жылдамдықты азайтып, кейін қайта қауіпті деңгейге дейін үдетуіне жол бермейді", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.