Freedom Inside '26

Тоқаев: Инфляция халық табысын «жеп отыр»

Тоқаев: Инфляция халық табысын «жеп отыр»
pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елдегі басты мәселенің бірі – жоғары инфляция екенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы инфляцияның экономикалық өсімді де, қазақстандықтардың табысын да құнсыздандырып отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл проблемаға көптеген мемлекет тап болғанымен, Қазақстан жағдайында мәселе айрықша өткір сипатқа ие.

"Біз осы макроэкономикалық «шеңберден» шығуымыз керек. Үкімет пен Ұлттық банк жағдайдың күрделілігін ескере отырып, бір команда болып жұмыс істеуі тиіс. Қазір арқан тартысатын уақыт емес", – деді Тоқаев.