Мемлекет басшысы "Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кеше 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді.
Осыған байланысты елде жаңа консультативтік орган - Халық кеңесі өз жұмысын бастайды. Бұл құрылым заңнамалық бастамалар көтеру құқығына ие жоғары консультативтік алаң ретінде қызмет атқарады.
Халық кеңесі мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға және ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді.