Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды DalaNews.
Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім ратификацияланды. Бұл құжат төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттер арасындағы өзара көмекті күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы техникалық регламенттер талаптарын мемлекеттік бақылау бойынша келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілді. Бұл өзгерістер мүше елдердің заңнамасын үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шыққан жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісім де ратификацияланды.
Құжаттардың мәтіні ресми түрде баспасөзде жарияланады.
