Тоқаев Үндістанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев Үндістанға жұмыс сапарымен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент Нью-Делиде "Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту" тақырыбына арналған "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сапар аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ, бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

14-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. 15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі. 16 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.