Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жоспарын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекет басшысы алдағы күндері Түрікменстанға барады.
"5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады", - деп жазылған хабарламада.