"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Айта кетейік, бұған дейін 31 наурыз - 1 сәуір күндері Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.
Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.